2025 жылы мектебіміздің 11-сыныбын *28 түлек* сәтті аяқтады.
Бұл — тек оқушылардың емес, ата-ана мен ұстаздардың да ортақ жеңісі.

*«Алтын белгі»* иегері — *Балгабаева Ельдана*

*
Қызыл аттестат* иегерлері:
1. Қасен Алихан
2. Мұратова Медина
3. Досым Амина

Екі оқушымыз – *спорт шеберлігіне кандидаттар:Мусайбеков Шыңғыс,Ханибеков Нурлан.

Кеш барысында *мектеп директоры Балтабаев Марат Жұмағұлович* жүрекжарды тілегін білдіріп, түлектерге мадақтау қағаздарымен табыстады.

Ата-аналар мектеп ұжымына шынайы алғыстарын білдіріп, ұл-қыздарын біліммен қаруландырған ұстаздарға ризашылықтарын жеткізді.

«Ұстаз – шырақ, оқушы – шынар, ата-ана – тірек» десек, осы үштіктің ынтымағы – бүгінгі жетістік кепілі.
Жас түлектерге: *“Арманың асқақ, жолың ашық болсын!”* деп сәт сапар тілейміз!