КГУ "Кишкенекольская средняя школа №2"
Официальный интернет-ресурс

«Мектебім, саған мың алғыс»

Previous Next
«Мектебім, саған мың алғыс»
атты салтанатты жиыны.
- Мақсаты: Бітіруші мектеп түлектерінің 11 жыл білім нәрімен сусындатқан, балалық шағын өткізген мектебімен, әріптен бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттерімен қоштасуы.
- Әсем әуенмен сынып жетекшілер оқушыларымен бірге сапқа тұрғызылады.
- Шақырылған қонақтар, ардақты ұстаздар, ата-аналар президиумға жайғастырылады.
Мектебің - алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
Алдарыңда өмірдің тұр өткелі,
Қанат қақсын көңілдің жыр кептері.
Сәтті сапар тілейміз қадамыңа,
Кішкенекөл №2 орта мектептің түлектері.
Габбасова Калимаш Калиевна басқарып келе жатқан 11 «а» сыныбының мектеп бітіруші түлектері;
Мустафина Айман Рахметулловна басқарып келе жатқан 11 «б» сыныбының мектеп бітіруші түлектері;
1а сыныбы – сынып жетекшісі Кожахметова Зауре Оразхановна
1б сыныбы – сынып жетекшісі Макашева Эльмира Сериковна
1в сыныбы – сынып жетекшісі Абдрахманова Зухра Эрикована
1г сыныбы – сынып жетекшісі Шайкенова Зарина Бауржановна
Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жыл мәреге жеткен күн.
Бүгін - «Мектебім, ұстазым!» деп көңілің қимастық кешкен күн.
Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
Бүгін - әкең қызым бойжетті деп мақтанған күн.
Бүгін - анаң ұлым ержетті деп шаттанған күн.
Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет тоқталған күн.
Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
Бұл күн-мектеп тарихында мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Записаться на прием