Ата-аналар жиналысы
Жиналыстың тақырыбы: Ата-ана мен бала, білім беру мекемелерінің қарым-қатынасын нығайту.
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, тиімді қарым-қатынас орнату.
1. Жалпы ақпарат: Сәбилердің терезеден құлау жағдайларының жиілеуіне байланысты қазіргі уақытта көпқабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қала береді. Бұл әсіресе 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездесуде.
Жазатайым оқиғалар ересектер тарапынан балаларды қадағалау, ашық терезеден құлау қаупі туралы балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізбеу, терезелерге торларды, ашу құлыптарын/блоктарын орнату бойынша шаралар қабылданбауы себебінен болуда.
Ұсынылып отырған акция бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдері мен балалар омбудсмендерін жұмылдыра отырып орта білім, мектепке дейінгі және мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында ересектермен және балалармен ата-аналар жиналыстарында, ертеңгіліктерде, сыныптан тыс жұмыстарда, қауіпсіздік сабақтары түрінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Сондай-ақ қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында меценаттарды тарту арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарының терезелеріне ашу құлыптарын/блоктарын орнату.
2. Акцияның мақсаты - балалардың терезеден құлауының жазатайым оқиғаларының алдын алу, тұрғын және оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасына қазақстандық қоғамның назарын аудару.





