Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні. Бұл күн – халқымыздың мұқалмас рухы мен ежелден келе жатқан басты құндылықтарымызды айшықтайтын қастерлі күн. Осы ретте аудан жұртын ортақ мақсатқа біріктіруге және олардың патриоттық рухын көтеруге бағытталған марафон Орталық стадионда өтті.





