Мектебімізде шахмат үйірмесі табысты жұмыс жасауда. Оқушыларымыз аптаның белгіленген күндерінде кездесіп, логикалық ойлау, сабыр мен стратегия құру дағдыларын дамытып келеді. Үйірме жетекшісі – білікті ұстаз Алинова Г.Ш.
Шахмат – жай ғана ойын емес. Ол – өмір мектебі.
*«Шахмат – бұл ақыл-ойдың гимнастикасы»* – деген екен Гёте.
Шахмат тарихы тереңде жатыр. Үндістанда пайда болып, ғасырлар бойы дамып, әлемнің ең ақылды спорт түріне айналды. Бұл ойын оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін, шешім қабылдау дағдыларын жетілдіреді.
*Ақылмен ойна, жүрекпен жең!* – деген ұстанымды ұмытпайық!





