Оқушыларды мақтау қағазымен марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Оқу жылы барысында ерекше жетістіктерге жеткен, тәртіптілігімен, белсенділігімен, оқу озаттығымен немесе қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуымен көзге түскен оқушыларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Мақсаты — оқушылардың жетістіктерін бағалап, оларды одан әрі білім алуға, шығармашылықпен айналысуға, жақсы мінез-құлық пен қоғамдық белсенділікке ынталандыру.
Рәсім барысында мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері оқушыларға арнайы дайындалған мақтау қағаздарын табыстады.
Мұндай марапаттар оқушыларға сенім ұялатып, өз әлеуетін ашуға көмектеседі және оларды алдағы уақытта да табыстарға жетуге жетелейді.





