Бүгін нашақорлықтың алдын алу айлығы аясында біркүндік этно лагерь ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттап, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу.
Лагерь аясында қатысушылар қазақтың салт-дәстүрімен танысып, ұлттық ойындар ойнады, шеберлік сабақтарына қатысып, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Бұл шара – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, сондай-ақ салауатты өмір салтын
қалыптастыруға бағытталған нақты қадам.
Ұлт болашағы – дені сау, білімді және белсенді ұрпақ екенін ұмытпайық!